Өзенге батып бара жатқан бүлдіршін құтқарылды

16
2026-08-19

Семейде Ертіс өзеніне батып бара жатқан 8 жасар бала құтқарылды. Оқиға Өркеш ауылы маңында болған. Өзенге шомылып жүрген баланы қатты ағыс жағадан алыстатып әкеткен. Сол сәтте өзен маңынан атпен өтіп бара жатқан үш азамат баланың көмек сұраған дауысын естиді. Дзюдо спортының  жаттықтырушысы Тимур және оның достары дереу көмекке келген. Алдымен атпен өзенге түсіп, балаға жетуге әрекет жасаған. Алайда өзеннің тереңдігі мен су астындағы қалың балдырлар оған кедергі келтірген. Содан кейін Тимур ойланбастан суға түсіп, жүзіп барып жансауғалап жатқан  8 жасар Костяны жағаға алып шыққан. Абырой болғанда, бала аман-есен құтқарылды.