Түркістан облысындағы Сауран ауданының әкімі бір принтерді 9 млнға алу туралы іске шатағымыз жоқ дейді. Бұл техникалық қателік болуы мүмкін деп ақталды. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік өкілдері дәл осы ауданның шенеуніктері қағаз шығарушы құралды қыруар қаржы жұмсап алмақ болғанына сенімді. Тіпті дәлел ретінде тиісті құжаттарында көрсетіп отыр. Бірер апта бұрын Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай ақпарат таратқан еді. Құзырлы орган тіпті ол Түркістан облысы Сауран аудандық ішкі саясат бөлімі екенін де ашық айтқан болатын. Алайда ізін ала осы ауданның әкімі бұл деректерді жоққа шығарды. Ал өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өздерінің қате ақпарат таратпаймыз дейді. Бұл ресми дерек екенін айтады. Агенттік өкілдері тіпті мелекеттік сатып алу туралы конкурс жарияланғаны туралы құжаттарды да көрсетті. Қызу талқыға түскен қымбат принтердің құны есеп бағасында 8 млн 285 мың деп айдан анық көрінеді. Департаменті ресми мәлімдемесінен соң, Сауран ауданынының ішкі саясат бөлімі млн-дардағы сандар өзгертіп қойған. Яғни 8 млн-ның принтері 80 мың теңге болып шыға келген. Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 35 қылмыс тіркесе, оның көшін білім саласы қызметкерлері бастап тұр. Бұл тізімде тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және кеден мен ішкі істер саласы қызметкерлері де бар.