Астанада 21 жыл бойы ашылмаған қылмыс қайта қаралды. Оқиға 2005 жылы елордада болған. Полицияға зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен. Алайда қылмысты ашуға мүмкіндік беретін айғақтар жеткіліксіз болған көрінеді. Араға 21 жыл салып құзырлы орған қызметкерлері қылмыстық істі қайта қолға алды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғыны күдіктілер тамыз айында ұсталып, қылмыс жасағанын мойындаған. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.