Алакөл жағалауы күл қоқыстан тазартылды

7
2026-08-19

Алакөл жағалауында бір күнде 1 тоннадан астам қоқыс жиналды. Ақши ауылында өткен экологиялық акцияға 100-ге жуық адам қатысты. Демалушылар мен еріктілер көл жағалауы мен оған іргелес аумақтарды тұрмыстық қалдықтан тазартты. Белсенділер демалушыларға қолғап пен қоқыс жинауға арналған қаптар таратып, балаларға шағын сыйлықтар да үлестірді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – табиғи аумақтың тазалығын сақтау ғана емес, демалушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық бір күндік науқанмен шектелмеуі керек. Сондықтан демалушыларға қоқысты белгіленген орынға тастау және демалыс орнын таза күйінде қалдыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.