Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды. Оның 160-ы шет мемлекеттерден келген. Ал 317-сі 13 халықаралық ұйымның атынан қатысады. Жауаптылардың айтуынша, олардың саяси науқанға қатысуы сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, елдің халықаралық міндеттемелерді орындауына ықпал етеді. Ал Иран мен Украинадағы әскери-саяси жағдайға байланысты үш сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты. Өзге елдердегі 79 учаскеге бюллетеньдер мен ақпараттық материалдар 19 тамыздан бастап жеткізіледі.