Түркістан
EN

Мас күйінде көлік жүргізгендер сотталмақ

8
19.08.2026

Қарағанды облысында көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде қайтадан рөлге отырған екі жүргізуші ұсталды. Нұра ауданында тәртіп сақшыларының назарына алдымен нөмірсіз ВАЗ көлігі іліккен. Рөлдегі 32 жастағы азамат орташа дәрежеде мас болған. Ол бұған дейін де ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін 2022 жылы жүргізуші куәлігінен айырылған. Арада бірнеше күн өткенде Егінді ауылы маңында нөмірсіз мотоцикл тізгіндеген 45 жастағы ер адам ұсталды. Ақмола облысының тұрғыны да мас күйінде болған. Оның 2024 жылы жол-көлік оқиғасын жасап, көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір күдіктілер үйқамақта, ал көліктері арнайы тұраққа қойылған.