Елімізде профилактиалық тексеруден кейін 242 мың баладан ауру анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Айтуынша, биылғы жарты жылдықта 2,3 миллион бала профилактикалық тексеруден өткен. Бұл жылдық жоспардың 52%-ы. Қалғандары жыл соңына дейін тексеруден өтуі тиіс. Десе де, диспансерлік есептегі 86 мың бала бақылауға алынды. Алдағы уақытта бұл жұмыстардың тиімділігін артыру үшін жасанды инттелект қолданылмақ.