Түркістанда қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Оларға өңір басшысы Нұралхан Көшеров «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Марапат иелерінің қатарында депутаттық қызмет атқарған азаматтар мен елдің заңнамалық және мемлекеттік институттарының дамуына үлес қосқан тұлғалар бар. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы парламентінің отыз жылдық қызметі барысында еліміздің құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған 3,5 мыңға жуық заң қабылданды. Олардың қатарында экономикалық және қаржылық саясат, денсаулық сақтау, білім беру, цифрландыру және басқа да маңызды салаларды реттейтін заңдар бар.