Түркістан
EN

Электр желілері жаңартылады

80
18.08.2026

Түркістан облысында электр желілері мен коммуналдық жүйелер жаңартылмақ. Алдағы бес жылда өңірдегі желілік инфрақұрылымды жаңартуға 113 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Бұл қаражатқа тозығы жеткен желілер ауыстырылып, қосалқы станциялар мен трансформаторлар жөнделеді. Сонымен қатар, салаға цифрлық жүйе енгізілмек. Арнайы платформа электр қуатын есептеп, жүйенің жұмысын бақылауды жеңілдетпек.