Түркістан
EN

Шақпақ ата ауылында ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

149
05.05.2022

Тозығы жеткен құбырдың тотыққан суын ішіп отыр. Түлкібас ауданындағы Шақпақ ата  ауылы ауыз суға зәру. Төрт мыңнан аса тұрғыны бар елдімекеннің әр көшесіне су кезекпен беріледі. Ал өткен ғасырда тартылған құбыр әбден шіріп кеткен. Жергілікті атқамінерлер бұл мәселенің жазда шешілетінін айтады. Ал ауылға жаңа су құбыры тартылып қойған. Тек 700 текше метр су жинайтын мұнара құрылысы бітпей тұр. Мамандар мәселе маусым айында шешіледі дейді. Жаңа су ұңғымасының құрылысы 2021 жылдың көктемінде басталған. Жоба құны 380 млн. теңге. Елдімекенде халықтың көбеюіне байланысты  екінші ұңғыма да қазылып жатыр.  Зерттеу нәтижесінде су қоры 50 жылға жететіндігін анықтаған. Қазір жұмыстың 80 пайызы бітіп тұр. Сондықтан бір-екі айда ауылға сапалы су береміз дейді жергілікті билік.