Ата-аналар мектеп формасын сайлап, әлекке түсіп жатқанда, елдегі жүзден астам білім ошағында құрылысшылар әлі қабырға сылап жүр. Жөндеу жұмыстары аяқталмағаны былай тұрсын, мыңдаған оқушы кіретін кей мектептердің қауіпсіздік жүйесі де дайын емес болып шықты. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр жұмысты созбалаңға салған әкімдерді сынға алып, дайындықты жеке бақылауға алуды тапсырды. Мән-жайды әріптесім баяндайды.