Енді мектепте БЖБ мен ТЖБ болмайды. Сонымен қатар, білім ұяларындағы бағалау жүйесі өзгереді. Бұл жайлы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толығады. Айталық, 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізілсе, 8 бен 11- сыныпта «Заң және Тәртіп» оқу курсы қосылады. Ал 5- сыныптан бастап «Жеке қауіпсіздік» міндетті оқу курсы енгізіледі. Сондай-ақ үлгілік оқу жоспарларының құрылымы да оңтайландырылды.