Түркістанға келген туристер тек бір нысанды көріп қайтуымен шектелмей, бірнеше күн аялдауына жағдай жасау керек. Ол үшін қонақ үй, визит орталық, этноауылдар мен білім беру кеңістіктері қатар дамуы қажет. Осылай деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров отандық инвесторлармен бірқатар жобаны пысықтады. Бүгінде туризмнің экономикалық әсерін ауылдық жерге дейін жеткізу өңірдің басты міндеттерінің бірі. Өйткені, ауылда қонақ үй ашылса жаңа жұмыс орны пайда болады. Турист жергілікті асханадан тамақтанса ауыл кәсіпкерінің табысы артады. Осылайша, ауылдың табиғаты туристік машуртқа енсе, жергілікті тұрғындар үшін жаңа кәсіп бастауға мүмкіндік туады.