Мектеп формасына сай емес киіммен келген оқушыны сабақтан шеттетуге болмайды. Оқу-ағарту министрлігі бұл талапты нақтылады. Бірінші вице-министр Шынар Ақпарованың айтуынша, баланың сапалы білім алуға құқығы бар. Сондықтан мектеп әкімшілігі оқушыны сабаққа кіргізбей қоюға немесе білім алу құқығын шектеуге болмайды. Алайда бұл мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамауға болады деген сөз емес. Оқушы белгіленген киім үлгісін сақтауға, ал ата-ана оның орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мектеп формасының талаптарын білім беру ұйымы ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңеспен бірлесіп белгілейді. Талап бұзылған жағдайда заңда жауапкершілік қарастырылған.