Түркістан облысында жыл басынан бері 8 адамды кене шағып, олардың ағзасынан қауіпті кеселдің белгілері анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі дерекке көп. Анықталған жағдайлардың алғашқысы наурыз айынан бастап белгілі бола бастаған. Мамандардың сөзінше, ауру жұқтырғандардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар. Олардың көпшілігі ауру белгілері байқалғаннан кейін 3-8 күн аралығында медицналық көмекке жүгінген. Эпидемиологиялық ахуал кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 10 медицина қызметкеріне әкімшілік шара қолданылып, жалпы 430 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Осыған байланысты сала өкілдері тұрғындарды кенеден сақтану шараларын қатаң ұстануға және ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде жүгінуге шақырады.