Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы республикалық IV Спартакиада басталды. Биыл дүбірлі додаға еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшы қатысып отыр. Олар спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі «Жайық Арена» спорт кешенінде өтті.