Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш табиғи бақ «Ақсу-Жабағылы» қорығына биыл 100 жыл. Ғасырлық мерейтойға дайындық қызу. Дүниежүзілік банктің қолдауымен қазір Ақсу құз шатқалында заманауи бақылау алаңы салынып жатыр. Сонымен қатар «100 жылдыққа - 100 ағаш» акциясы өтті. Жыл басынан бері инспекторлар 106 рейд жүргізіп, 63 заңбұзушылық анықталған. 1,7 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Ал басты мерейтойлық салтанат пен халықаралық ғылыми конференция 25 қыркүйекте өтпек. Мұнда 120 шақырымдық Ақсу каньоны, 114 мұздық пен 27 тау көлі орналасқан. Сондай-ақ қар барысы, сілеусін, аю сирек жануарлармен қатар Грейг қызғалдағы мен Сиверс алмасы табиғи қалпында сақталған.