Түркістан
EN

Қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды

12
18.08.2026

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ жабайы табиғаттың ерекше сәтін тіркеді. Камера объективіне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықтар түсіп қалған. Қарақұйрық — еліміздің ерекше қорғауға алынған жануарларының бірі. Сондықтан оны табиғи мекенінде осылай еркін жүрген күйінде бақылау — мамандар үшін құнды дерек. Адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін фототұзақтар жануарларды табиғи мінез-құлқына кедергі келтірмей бақылауға мүмкіндік береді. Осындай кадрлар арқылы мамандар жабайы жануарлардың тіршілігін қадағалап, табиғи аумақтағы жағдайды зерттейді.