Түркістан
EN

Ұшқыштың есімі әскери ұшаққа берілді

2
18.08.2026

Ұлттық ұлан ұшағына батыр ұшқыш Байзолла Әкежановтың есімі берілді. 3656 әскери авиабазасында таныстырылған әскери ұшақты көруге майдангердің ұрпақтары арнайы келген. Кездесу барысында батырға қатысты архивтік құжаттар мен тарихи материалдар музей қорына табысталды. Айта кетейік, Қазақстан әскери авиациясы тарихында алғаш рет Ұлттық ұланның Y-8 ұшақтарына елге танымал қаһарман ұшқыштардың есімдері берілді. Олардың қатарында Талғат Бигелдинов, Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов және Байзолла Әкежанов бар.