Түркістан
EN

Ойнап жүрген бала тоққа түсіп қалды

50
17.08.2026

Астанада ойын алаңының маңында жерге көмілген жоғары кернеулі кабельден электр  тогы тарап, салдарынан бір бала ауыр жарақат алды. Тұрғындар қауіпті тап осындай жағдай  бұған дейін бірнеше рет  қайталғанын айтады. Оқиға А105 көшесіндегі №11 үйдің ауласында болған.  Тұрғындардың шағымынан кейін кезінде осы жұмысты атқарған құрылыс компаниясы кабельдің үстін топырақпен қайта жапқан. Алайда бұл қауіпсіздік мәселесін толық шешпеген. Желіден  дембіл-дембіл ұшқын шығуын тоқтатпайды.  Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы токтан жарақат алған баланың №2 қалалық балалар ауруханасында жатқанын хабарлады.