Түркістан
EN

Инвесторға кедергі келтіргендерге прокуратура сүзгісі қойылды

66
17.08.2026

Түркістанда инвесторлармен ашық кездесу өтті. Онда инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жою және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды. Инвесторлар өздерін толғандырған мәселелерін тікелей жеткізіп, тиісті мемлекеттік орган өкілдерінен жауап алды. Жиынға Бас Прокурордың бірінші орынбасары, облыс әкімі, жауапты сала өкілдері мен инвесторлар қатысты.