Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары тауда адасып кеткен ер адамды құтқарды. Төлеби ауданының тұрғыны Қасқасу ауылынан шамамен 5 шақырым жерде орналасқан мемлекеттік ұлттық табиғи парктегі тауға шығып, қайта түсер кезінде аяғын жарақаттап алған. Хабарсыз кеткен азаматты құтқарушылар жедел іздеуге кіріскен. Нәтижесінде, ер адам аман табылып, таудан қауіпсіз жерге түсірілді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар қызметі туристерге таулы жерлерде демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды және жер бедері мен ауа райы жағдайларын мұқият бақылауды ескертеді.