Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті қолдау шаралары белсенді жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері аймақта 800-ге жуық бизнес-жоба мақұлданып, оларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар бөлінді. Бұл қаражат жергілікті кәсіпкерлерге жаңа өндіріс көздерін ашуға және қолданыстағы бизнесті кеңейтуге айтарлықтай мүмкіндік береді.