Кәсіпкерлер саны кеміді

7
2026-08-17

 Елімізде кәсіпкерлер азаюда. Қазақстанда жарты жылдың ішінде 220 мыңдай кәсіпкер нарықтан шығып қалды. Ресми тіркеуге алынған  жеке кәсіпкерлердің саны бірден 12 пайызға азайған. Мамандар бұл көрсеткіштен қорқудың қажеті жоқ екенін айтады. Себебі жаңа Салық кодексі шағын бизнеске үлкен жеңілдік әкелуде. Енді қол астында жұмысшысы жоқ, айлық табысы 300 АЕК-тен аспайтын қарапайым азаматтарға жеке кәсіпкер боп тіркелудің қажеті жоқ. Олар табыстан салық төлеуден толық босатылып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өтті. Енді олар  табысының бары-жоғы 4 пайызын ғана телефондағы қосымша арқылы әлеуметтік төлемге  аударып отырса жеткілікті. Сондықтан бұл өзгеріс бизнестің жабылуы емес, керісінше шағын кәсіп иелерінің жеңілдетілген жүйеге көшкенін айғақтап отыр.