Емхана басшысынан ақша бопсалаған алаяқтар ұсталды

8
2026-08-17

Түркістан облысында емхана басшысынан 15 миллион теңге бопсалаған екі алаяқ қылмыс үстінде ұсталды. Өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі ретінде таныстырған олар «медициналық сақтандыру қорындағы заңбұзушылықты жауып береміз» деп ақша талап еткен. Елімізде бұл салада ауқымды тексеріс жүріп жатқандықтан, айлакерлер емхана жетекшілерін «қылмыстық жауапкершілікке тартамыз» деп қорқытуды әдетке айналдырған. Осылайша істі жылы жауып қою үшін қомақты пара сұраған. Оқиға барысында алаяқтар алдымен 5 миллион теңгені қалтаға басып, қалған 10 миллионды алуға келгенде қолға түсті. Олар  ақшаны алып жатқан сәтінде тұтқындалды. Сот шешімімен екі күдікті де қамауға алынып, тергеу басталды.