Түркістан
EN

Мектеп оқушылары халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

10
17.08.2026

 Өзбекстанда  информатика бойынша өткен халықаралық  олимпиададан қазақстандық оқушылар жүлделі оралды. Ел намысын биіктеткен жас дарындарды Астана әуежайында жақындары мен Оқу-ағарту министрі бастаған қауым ерекше құрметпен қарсы алды. Бұл жолы ұлттық құрама тарихи рекорд жаңартты. Себебі ел намысын қорғауға аттанған төрт оқушының төртеуі де түгел жүлдемен оралып, қоржынға 1 алтын, 3 күміс салды. Әсіресе, Максим Цойдың нәтижесі ерекше мақтаныш ұлатады. Ол жеке есепте көш бастап әлемнің үздік бестігіне кіріп, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Бұл Қазақстанның аталмыш олимпиадаға қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіштерінің бірі.