Түркістан
EN

Қарағанды облысында табиғи өрт өршіді

1
17.08.2026

Қарағанды облысының бірнеше ауданында өрт болды. Қарқаралы ауданында орман қызыл жалынға оранса, Жаңатоған ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп, оның да арты қызыл жалынға ұласқан.  ТөтенҚараше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт дер кезінде оқшауланып, қазір оны  толық сөндіру әрекеті жасалуда.  Елді мекенді қорғау және өрттің ауылға қарай таралуына жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған.  Алайда, жалынды сөндіру жұмыстарына қатты соққан желдің екпіні мен жер бедерінің таулы болуы кедергі келтіруде,-дейді жауаптылар. Сондай-ақ,  Ақтоғай ауданында да 1090 гектар жер өртенді. Оның шамамен 1000 гектары мемлекеттік орман қорының аумағына тиесілі. Бүгінде өртті сөндіру үшін оқиға орнында 140 адам мен 24 техника жұмыс істеп жатыр. Апаттық жағдайларға байланысты облыста жедел штаб құрылып, өртті ауыздықтау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Елді мекенге қауіп төнген жоқ,-дейді мамандар.