Түркістан
EN

Манкент вокзалы жаңарды

101
14.08.2026

Енді теміржолмен жолаушылап шықсаңыз Манкент станциясында су жаңа вокзал қарсы алады. Тозығы жеткен нысан толық жаңғыртудан өтіп, бүгін жолаушыларға қайта қызмет көрсете бастады. Құрылыс жұмыстарына  576 миллион теңге жұмсалды.  Вокзалдың тәулігіне 90 жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Мұнда билет кассасы, күту залы, ақпараттық тақталар мен анықтамалық қызмет және жолаушыларға арналған жаңа перрон жасақталған. Жаңарған вокзалдың жұмысын облыс әкімі арнайы барып көрді.