Алаяқтардың арбауына түскендер көбейді

9
2026-08-14

Технология дамыған сайын, алаяқтардың құрығы да ұзарып барады. Түркістан облысында соңғы жылдары 800-ден астам азамат айлакерлердің арбауына түсіп, 1 миллиард 600 миллион теңгесінен айырылған. Сорақысы сол тіпті бір отбасы 32 миллион теңге несие алып, алаяқтардың қолына өз еркімен ұстата салған. Осындай сұмдық жайттардың алдын алу үшін бүгін Сауран ауданында құқық қорғау өкілдері мен банк қызметкерлері бас қосып арнайы форум өткізді.