Түркістан облысында Отырар төбеден 14-ші ғасырға тән медрессенің орны табылды. Қазір мұнда қазба жұмыстары жүруде. Археологтар қыштарды қаланғанына қарап сол кездерге тән екенін айтып отыр. Естеріңізде болса, бұған дейінгі қазба жұмыстары кезінде бұл жерден көне сарай, мешіттер мен моншалар табылған. Ал оларды мұртын бұзбастан келешекке жеткізу, тарихи мұраны сақтау үшін реставрация жұмыстары жүруде. Тіпті бұған дейін осы қайта қалпына келтіру жұмыстарынан соң бұрынғы қалпын жоғалтып аламыз деген мәселе айтылған болатын. Бір топ ғалымдар Халықаралық конференция аясында Отырар ауданында бас қосып, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Археологтардың айтуынша, Ерзен хан салдырған. 20 жылдан бері Көне Отырарда қазба жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді Серік Ақылбектің жетекшілігімен табылды. Қазіргі уақытта археологтар көне медресені зерттеу үстінде. Күзде жұмыстар толық аяқталады дейді ол. Соңғы 3 жылдан бері Отырар қала жұртында қайта ауқымды реставрация жұмыстары жүрді. Нәтижесінде., ХІІ-ХІХ ғасыр аралығындағы солтүстік және оңтүстік қақпаларын, мешіт, монша, магистралды көше, қыш шеберханасы, бекініс 10-ға жуық нысан қабырғалары қалпына келді. Жұмыс барысында көне технологиямен әзірленген қыштар пайдаланылған. Реконструкция жасалған үйлердің интерьері түпнұсқа күйінде сақталып отыр. Қыштарды әзірлеу кезінде технологиядан өзге оның құрамында пайдаланатын құм-тас-топырақтардың да тыс жерден болмауы қадағаланады.