Өңірде мал шаруашылығына жаңа технология енгізетін жоба қолға алынды. Жергілікті кәсіпкер аустралиялық технология негізінде заманауи мал сату биржасын салуға кірісті. Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылында жасақталатын кешеннің аумағы 24 гектар. Оны салуға 5,2 миллиард теңге жұмсалмақ. Мұнда бір мезетте 4 мың ірі қара, 4 мың жылқы және 4 мың ұсақ мал кіргізіліп, саудаға шығарылмақ. Биржа келесі жылы іске қосылады. Кешенде 30 адам жұмыс істейді. Облыс әкімі құрылыс алаңына барып, нысанның басталу барысымен танысты. Кәсіпкердің айтуынша, халықаралық тәжірибеге негізделген кәсіп өңірдегі мал саудасын жаңа деңгейге көтеріп, салаға тың серпін береді.