Ақмола облысында ұлттық әскери-инженерлік Shaiqas-2026 чемпионатының шешуші кезеңі басталды. Оған еліміздің әр өңірінен келген 18 команда қатысуда. «Әуе жүйелері» номинациясында қатысушылар FPV-дрондарды құрастыру және басқару, барлау жүргізу сияқты дағдыларды көрсетеді. Ал «Жерүсті жүйелері» бағыты бойынша робототехникалық кешендерді басқара отырып, эвакуациялау, жабдықтарды жеткізу ісін атқарады. Мұнан соң «Тактика» сайысында командалар кешенді тапсырмаларды орындайды. Атап айтқанда, атыс дайындығы, тактикалық медицина элементтері және командалық үйлесімді іс-әрекетке арналған жаттығулар. Барлық кезеңнен мүдірмей өткен құрама бас жүлде мен 20 миллион теңгені қанжығалайды.