Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өңдеумен айналысқан топ мүшелері ұсталды. Карьерді жеке мүддесіне пайдаланған күдіктілер қазылған жерді қайта қалпына келтіріп жатқандай кейіп танытқан. Бұл жәйтті, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері байқап қалып, олардың әрекетіне дер кезінде тосқауыл болды. Оқиға орынынан ауыр техникалар, түрлі құрал-жабдықтар табылды. Өндірілген кен теміржол арқылы көрші елдерге тасымалданып отырған.