Елімізде 4,7 мыңнан аса адам ағза транспланттациясын күтіп жүр. Оның 125-і бала. Науқастардың басым бөлігіне бүйрек, бауыр ауыстыру қажет. Оның ішінде 208 адамның жүрегі сыр берсе, 30 адамның өкпесі жарамсыз хәлде. Қазіргі таңда, қайтыс болғаннан кейінгі әлеуетті донорлардың саны артып келеді. Мысалы, 2023 жылы 49 әлеуетті донор анықталса, биыл олардың саны 108-ге жеткен. Қазақстан азаматтары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз шешімін алдын ала Егов арқылы тіркей алады. Бүгінде 16 мыңнан аса адам донорлыққа келісім білдірген.