Сүт өнімдеріне сұраныс жыл санап артып келеді. Оған сай өндіріс көлемін де ұлғайту міндеті тұр. Бұл үшін жаңа тәсіл мен озық тәжірибе қажет. Осы мақсатта Түркістан облысындағы өндіріс орындарының біріне Германиядан арнайы сарапшы келді. Ол жергілікті мамандармен бірге жұмыс істеп, сүт өндірісіндегі жарты ғасырға жуық тәжірибесімен бөлісті.