Теміржол өткелі жүргізушіден ерекше мұқияттылықты талап ететін орын. Мұнда асығыстыққа жол жоқ. Себебі бірнеше секундтық салғырттық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осыны ескерген теміржолшылар рельсті қиып өтетін жүргізушілер мен тұрғындарға «Қауіпсіз өткел» профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткелдегі қауіпсіздік қалай сақталуы керек?