Премьер министр деректерді өңдеу алқабына қатысты жиын өткізді

11
2026-08-13

 Қазақстан Орталық Азиядағы  жасанды интеллект хабына айналмақ. Павлодар облысында өңірде баламасы жоқ «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» бой көтеріп жатыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жобаның барысын бақылап, арнайы жиын өткізді. Бұл цифрлық экономиканы жаңа деңгейге көтеретін, отандық IT-өнімдерді әлемдік нарыққа шығаратын алып инфрақұрылым. Мұнда халықаралық платформалар мен есептеу құрылғылары орналасады. Қазір құрылыс алаңында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Қазаншұңқырларды қазу 90 пайызға аяқталып, ғимараттардың іргетасы қалана бастады. Сыртқы желілер мен қосалқы стансалар тартылуда. Жоба аясында Firebird AI және NVIDIA сияқты әлемдік IT-инвесторлармен серіктестік орнатылды. Бұдан бөлек, шет мемлекеттердің деректерін Қазақстанда қауіпсіз сақтауға жол ашатын арнайы жоба да әзірленіп жатыр.