Түркістан
EN

Қазақтарды қорлаған стример елден қуылды

55
13.08.2026

Тиктоктың тікелей эфирінде қазақтарды қорлап,тіл тигізген ресейлік стример елден қуылды. Енді ол бес жыл Қазақстанға аяқ баса алмайды.  Бұл жайлы Астана қаласының полициясы хабарлады. Депортацияға ұшыраған ресейлік бойжеткен әлеуметтік желідегі жазбалары үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылды. Қалалық полиция департаменті Қазақстан шетел азаматтары мен ел қонақтары үшін ашық мемлекет. Алайда заң талаптарын сақтау мен елге құрметпен қарау – баршаға ортақ міндет екенін ескертеді.