Елде электронды темекіні сатуға тыйым салынғанына қарамастан, вейптердің заңсыз саудасы жалғасып отыр. Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі осындай 25 жәйтті анықтаған. 276 мыңнан астам электронды темекі тәркіленген. Қазір 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр, ал 14 іс сотқа жолданған. Заңсыз тауарлар қоймаларда сақталып, сауда интернет-дүкендер мен мессенджерлер арқылы жүргізілген. Қолданылған банк шоттары арқылы 3,2 млрд теңгеден астам ақша айналған. Мамандар тиым салынған заттарды заңсыз әкелу, сақтау, тасымалдау және сату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын қатаң түрде ескертеді.