Түркістан
EN

Ордабасыда өндіріс қарқыны артып келеді

11
13.08.2026

Ордабасы ауданында өндіріс қарқыны артып келеді. Қазірдің өзінде «Темірлан» өндірістік паркінде  құны 1,2 млрд теңгелік 5 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде 53 жаңа жұмыс орны ашылды. Нақтырақ айтсақ, кір жуғыш ұнтақ пе нтұрмыстық химиялық жуғыш заттар, түйіршіктелген жем, шыны өнімдері және металл бұйымдарының өндірісі дамыған. Қазір парк аумағында жаңа нысандардың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауданға жасаған арнайы іс-сапары барысында құрылыс барысымен танысып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.