Елімізде жыл басынан бері 1837 адамнан қатерлі ісік анықталды. Оның жартысынан көбі сүт безі обыры болса, колоректалдық дертке 372 адам шалдыққан. . Ал 200-ден астам адам жатыр мойны обыры кеселіне шипа іздеп жүр. 2021-2025 жылдар аралығында қатерлі ісіктің ІІІ-ІV сатысында анықталған жағдайлардың үлесі 32 пайызға жеткен. Осы кезеңде онкологиялық скринингтен 14 миллионнан астам адам өткен. Ал жыл сайынғы тексеруден қамтылғандар саны 13,5 пайызға артқан. Денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісік ерте кезеңде ұзақ уақыт бойы еш белгі бермеуі мүмкін. Сондықтан, скринингтен белгіленген мерзімде өту керектігін ескертеді.