Түркістан
EN

Қорытынды телепікірсайыс 19 тамызда өтеді

42
12.08.2026

Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы қорытынды телепікірсайыс 19 тамызда өтеді. Пікірсайыс алаңы ретінде «24KZ» телеарнасы белгіленді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік мәлімдеді.  Оның айтуынша, қорытынды пікірсайыс өтетін алаң Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша таңдалған. Телевизиялық формат пікірсайысты эфирден көрсетуге және оны барынша көп сайлаушының көруіне мүмкіндік береді.