«Қайрат» болгариялық «Левскиге» есе жіберіп, чемпиондар лигасынан шығып қалды. Ойын "Түркістан Аренада" өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. «Левски» футболшысы Рейналдо айып алаңының сыртынан соққы жасап, қазақстандық клубтың қақпасын дәл көздеді. Мұнан кейін қос команданың да қақпаға доп дарытуына бірнеше мүмкіндігі болды. Екі ойынның қорытындысы бойынша болгариялық клуб 2:0 есебімен жеңіп, чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-оффына өтті. Ал, алматылық клуб енді Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. «Қайраттың» қарсыласы Грекияның ПАОК және Бельгияның «Андерлехт» клубтары арасындағы жұптың жеңімпазы болады.