Түркістан
EN

Салықтан жалтарған күдікті елге экстрадицияланды

29
12.08.2026

 Оңтүстік Кореяда салықтан жалтару ісі бойынша күдікке ілінген Ұлан Байболов Қазақстанға экстрадицияланды. Тергеу нұсқамасына сәйкес, ол салық пен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарған қылмыстық топтың құрамында болған. Күдіктілер кәсіпорындарды сатып алып, кейін оларды жалған басшылардың атына қайта тіркеген. Осы компаниялардың банк шоттары арқылы қаржы аударымдарын жүргізіп, салық есептілігіне жалған мәліметтер енгізіп келген. Кейін қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Дәл осы схемамен жұмыс істеген кәсіпорындардың бірінде күдікті басшылық қызметте болған. Нәтижесінде қылмыстық топ компаниялардың есепшоттары арқылы 2,5 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асады.