Биыл еліміз бойынша 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Олардың 296 мыңға жуығы мемлекеттік, 23 мыңдайы жекеменшік мектептерде тәлім алмақ. Қазір қаладағы білім ошақтарына 191 мың, ал ауылдағы мектептерге 128 мыңға жуық бала қабылданды. Сондай ақ, болашақ бірінші сынып оқушыларының 71%-дан астамы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, қалғаны басқа шет тілдерінде білім беретін сыныптарды таңдаған. Айта кетейік, құжаттарды қабылдау оқу-ағарту министрлігі мен жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде пилоттық жоба аясында жүргізілуде. Өтініштер 31 тамызға дейін бекітілген кестеге сәйкес қабылданады.