Анасын пышақтаған қаныпезер азамат Вьетнамда қашып жүрген жерінен елге экстрадицияланды. Ол өткен жылы араққа сылқия тойып алған ол анасымен жанжалдасып соңынан оған бірнеше рет пышақ салған. Қылмыс жасағаннан кейін жауаптылықтан жалтарып, бой тасалап шетел асып кеткен. Осы істен кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Жедел – іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Оған жасаған қылмысы үшін 3 жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.