Түркістан
EN

21 көшет түрі бір тұқымбақта жерсіндірілуде

6
12.08.2026

Түркістанды жасыл желегі жайқалған өңірге айналдыру жұмыстары елді мекендерге ағаш көшеттерін егумен ғана шектелмейді. Бұл жұмыстардың  негізі тұқымбақтарда қаланады. Қазір облыстағы 14 тұқымбақта 12 миллионнан астам ағаш көшеті өсіріліп жатыр. Жалпы аумағы 250 гектар болатын бұл алқаптарда көшет өндірумен бірге оны жергілікті жердің табиғаты мен топырағына бейімдеу ісі де жүргізіледі.  Осындай жұмыстардың бірін көру үшін тішіміз қала маңындағы Жасыл аймақ тұқымбағына барып қайтты.