Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді. Әсіресе Түркістан облысында бір айдың ішінде пәтер сатылымы 22 пайызға төмендеп отыр. Қазір шаһарда заманауи әрі сәулетті кешендер көп. Бірақ салынған үйлердің басым бөлігі бос тұр. Қазірдің өзінде қаладағы 12 көпқабатты тұрғын үйдегі 700-ге жуық пәтер әлі күнге дейін өз иесін күтуде. Сұраныстың бәсеңдеуіне не себеп?