Президент Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін бұл ұсынысты Мемлекет басшысы өз жолдауында айтқан болатын. Бұл пікірді жергілікті тұрғындар да қуана қабылдады. Өйткені Қапшағайдың дәл бүгінгідей туристік қалаға айналуына қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өлшеусіз еңбек сіңірген