NEET санатындағы жастар саны 7 мыңнан астам адамға азайды

21
2026-08-11

Елімізде NEET санатындағы жастар саны 7 мыңнан астам адамға азайды. Бұл соңғы 1 жылдағы көрсеткіш. Жалпы мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы жылдары оқымайтын не жұмыс істемейтін жастардың қатары азайып келе  жатқанын айтады. Мәселен  2023 жылы бұл көрсеткіш 7,3 пайыз болса, 2024 жылы 6,5 пайызға, ал 2025 жылдың қорытындысында 6 пайызға дейін азайған.  Мұндай жастармен жүргізілетін жұмыстар мен арнайы деректер «Отбасының цифрлық картасында» тіркеледі. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істеп тұр. Олар азаматтарға білім алу, жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес беріп, психологиялық және құқықтық көмек көрсетуде.